Таразда ортағасырлық үлгідегі қамал салынып жатыр

/image/2024/05/31/crop-65_21_827x1470_izobrazhenie_2022-10-19_123804103-e1666161503924.png

Таразда ортағасырлық үлгідегі қамал салынып жатыр. «Ежелгі бекініс» деп аталған жобаны жүзеге асыруға қалалық қазынадан 656 млн теңге бөлінген. 

Бекініс «Тектұрмас» тарихи-мәдени кешен аумағындағы 2 гектар жерде болады. Қамал сырты тау тасымен қапталады. Ал қорғанның қабырғасы 12, ені 2,5 метр. Мұнда амфитеатрдан бөлек, қолөнершілер орталығы салынып, тарихи инсталляциялар қойылмақ. Жергілікті билік құрылысқа салынған қыруар қаржыны туристер арқылы ақтап алатынына сенімді.

– 50 пайыз жұмыс қалып отыр, қыркүйектің аяғы, қазанға дейін аяқтауы тиіс. Амфитеатрға 400 адамнан аса сыяды. Қандай да бір іс-шара өткізетін алаң болады, – деді қала әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил.

 
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар