Жамбыл облысы Меркі орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесіне қарасты Сарыкөбі орман шаруашылығының аумағында құрғақ шөп өртенді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
"5 маусым сағат 2:00-дегі жағдай бойынша өрт аумағы 1 750 гектарға жетті. Құрғақ шөп пен төғай жанған, елді мекенге қауіп төніп тұрған жоқ", — делінген ресми мәлімдемеде.
Өртпен күреске 244 адам мен 50 техника жұмылдырылған.
Пікір қалдыру