Министрлік мектеп түлектерінің аттестаттары цифрлық форматта осы жылдан бастап қолжетімді болатынын алға тартты.
"Ол үшін eGovMobile мобильді қосымшасында жаңа Bilim сервисіне өту қажет. Онда "Менің балаларым" бөлімінде кәмелетке толмағандардың ата-аналары немесе заңды өкілдері үшін цифрлық құжаттары қолжетімді болады", – деп атап өтті цифрландыру департаментінің директоры Майра Маралбаева.
Bilim қызметі қолданбада шамамен бір ай бұрын іске қосылды. Ол білім туралы ақпаратты, сандық құжаттардан тұратын бірнеше бөлімдерді қамтиды. Бұрын қосымшада QR коды бар колледж дипломдары қолжетімді болған.
Пікір қалдыру