Жастарға жалға берілетін пәтерді сатып алуға рұқсат жоқ – Үкімет

/image/2024/06/12/crop-2_0_1078x1916_photo_375500.jpeg

Билік басындағылар жастардың тұрмысын жақсартуға барлық жағдай жасалған деп есептейді. Қазақстан азаматы баспана аларда мемлекеттік бюджеттің мүмкіндіктерін ескеруі керек деген пікірде. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады. 

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевқа Қазақстандағы жастарды тұрғын үймен қамтамасыз етудің жаңа бағдарламасын әзірлеуді ұсынды. Дәулет Мұқаев өзінің депутаттық  сауалында Қазақстан мегаполистерінің тұрғындары баспанасыз жүргенін айтты. 2019 жылдан бері Астана, Алматы және Шымкент қалаларында уақытша жалдамалы пәтерлерде тұратын жастардың саны 10 мыңға жеткен.

“Пәтер жалдап тұратын жастардың ақша жинап, баспана алуға мүмкіндігі жоқ. 2019 жылдан бастап инфляция деңгейі көтеріліп, тұрғын үй бағасы жылдан жылға өсіп жатыр. Осыдан бес жыл бұрын елімізде пәтердің шаршы метрінің құны 200 мың теңге болса, қазір 400 мыңға жуықтады. Оның құны екі есе артты. Шынында адамдар баспанаға ақша жинаудан бұрын, қымбатшылықтың кесірінен күн көріс үшін жанталасып жүр”, – дейді депутат.

“Баспанаға сұраныс жыл сайын өсіп келе жатқанын ескере отырып (бүгінде кезекте шамамен 650 мың адам тұр) мұнда мұқтаж әрі әлеуметтік осал топтарына басымдық беріледі. Бүгінде жұмыс істейтін жастардың тұрмыстық жағдайын жақсартуға арналған түрлі бағдарламалар бар", – дейді премьер-министрдің орынбасары.

2019 жылдан бастап Астана, Алматы және Шымкент қалаларында да жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз пәтерлер жалға беріліп келеді. Яғни, жастарға жалдау ақысын төлемей, белгілі мерзімде үй сатып алу үшін ақша жинауға мүмкіндік бар.

Қанат Бозымбаев бұл бағдарлама 2019 жылдан бастап іске қосылғанын және оның алдағы уақытта да жалғасатынын айтты. Алайда оның сөзінше үкімет жастарға жалға берілетін пәтерлерді сатып алу құқығын беру мәселесін қарастырмайды. 

“Жалға алушылардың жиі ауысуы және жаңа жалға берілетін пәтерлер салу есебінен бұл тетік тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың көбін барынша қамтуға мүмкіндік беретінін атап өткен жөн. Тетікті одан әрі іске асыру үшін 2023-2025 жылдарға аталған қалаларда қосымша 9 мың жалға берілетін пәтер (жыл сайын 3 мың пәтер) сатып алу үшін жергілікті бюджеттерден 96,9 млрд теңге мөлшерінде қаражат бөлу жоспарланып отыр", – деді Қанат Бозымбаев.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар