Тайландтан поштамен есірткі алдыртқан 4 адам ұсталды

/image/2024/06/13/crop-26_37_650x1155_666a88b650d33404847789.jpeg

Қаржылық мониторинг агенттігі "Әуежай-Астана" кеден бекеті мен DHL курьерлік компаниясының қызметкерлерімен бірлесіп, Таиландтан халық тұтынатын тауарлары түріндегі пошта сәлемдемелері арқылы аса ірі мөлшерде келген есірткі заттарын анықтады.

ҚМА Астана қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері қызметтік-іздестіру итінің көмегімен DHL уақытша сақтау қоймасын тексеру кезінде кедендік бақылау бекетінде халықаралық пошта жөнелтімдерінен 3 қорап есірткіні тапты. Олардың ішінен жалпы салмағы 3,5 келі каннабис сығындысы (гашиш майы) табылды.

Қазіргі уақытта 4  күдікті анықталып, тергеу изоляторына қамалды. Күдіктілердің тұрғылықты жері тексеріліп, 787 гр марихуана мен есірткі заттарын өлшеп-орау үшін қажетті басқа да заттар тәркіленген. 

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар