Енді Қазақстанда петицияны қарауға қабылдау үшін жиналуы керек қол мөлшері артуы мүмкін. Бұл туралы Аида Балаева мәлімдеді. Бұған дейін петиция қаралуы үшін 50 мың адамның қол қоюы жеткілікті болатын. Енді министрлік оның санын көбейтуді қарастырмақ.
"Қазірдің өзінде дауыс беру шегін және өтініштерді қарайтын мемлекеттік органдардың санын көбейту керек деген ұсыныстар айтылып жатыр. Біз, әрине, ұсыныстарды қарастырамыз", – деді Балаева сенат отырысында.
Министр жиналуы керек қол мөлшері қаншаға көтерілетінін нақтыламады. Алайда утильалымға қарсы петиция қаралу үшін жеткілікті қол жинағанын атап өтті.
Сондай–ақ, ақпарат министрі "петиция мемлекеттің өз қалауын істету құралына айналуы мүмкін" деген пікірмен келіспейтінін атап өтті.
Пікір қалдыру