Шарлапаев утильалымға қарсы петиция жайында: Бізге шоу керек емес

/image/2024/06/13/crop-0_0_675x1200_666ade0ed822c522610192.jpg

«Аталған петиция бойынша соңғы шешім шығаруға әлі ертерек. Себебі, жұмыс тобының отырысы өтуі керек. Алайда жұмыс тобының бірінші отырысы өтпей қалды. Петицияны жазған адамдар министрлікке кіре алмаған еді, яғни ғимаратқа телефонмен кіруге болмайды. Бүгін жұмыс тобының отырысын өткіземіз», — деді Қанат Шарлапаев Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Бұл тұрғыда тілшілер аталған жұмыс тобының отырысын ел халқы күтіп отырғанын айта келе, телефон кіргізу мүмкіндігі туралы сұрады.

-Менің ойымша, қазір нақты диалог керек, яғни шоу қажет емес. Мына жұмысты шоу үшін жасаймыз ба?! Жалпы, аталған отырыста бейнежазба жасалады. Онда жазылған видеоны толықтай кейіннен береміз. Петицияны заң аясында талқылауымыз керек және оны талқылауға мүмкіндік жасалып отыр. Осы жұмыс тобында жазылған видеоны толық нұсқада петицияны жазған адамдарға береміз», — деді министр.

Жақында ғана утильалымына қарсы петиция  50 мың қол жиналған болатын. Енді оны Үкімет қарауы керек.

Биыл 6 маусымда утильалым туралы петицияны қарайтын жұмыс тобының отырысы өтуге тиіс еді. Алайда жиынға белсенділерді телефонмен кіргізбей қойған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар