Оралдағы жарылыс: төрт адам жансақтау бөлімінде жатыр

/image/2024/06/17/rlz3e0u6ql2ufzuxms4dmzxucxtkkkloxl1nb6ot.jpg
  1. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Тоқсановтың мәліметінше, оқиға орнынан қалалық көпбейінді ауруханаға 6 адам жеткізілген. Біреуі амбулаториялық емге жіберілген. Жеңіл күйік алған бір адам осы аурухананың травмотология бөліміне жатқызылды. 
"4 адам жансақтау бөлімінде жатыр. Арасында бір науқастың оң иығы сынған. Миы шайқалған. Қалған үшеуінің денесін 15 пайыздан 52 пайызға дейін күйік шалған. Жағдайы өте ауыр", - дейді Ерлан Тоқсанов.
Зардап шеккендердің екеуі Өзбекстан азаматы. Ауруханада жатқан бес адамның үшеуі ер, екеуі әйел адам.
Бұған дейін облыстық төтенше жағдайлар департаменті жарылыс болған жерден екі адамның мәйіті табылғанын хабарлаған болатын.
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар