Президент Отардағы сарбаздың комаға түсуіне қатысты тергеу амалдарын бақылауды тапсырды

/image/2024/06/19/crop-44_32_622x1106_632ab045e338e097710072.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысы Отар ауылындағы әскери бөлімде мерзімді қызметін өтеп жатқан сарбаздың комаға түсуіне қатысты анасының әлеуметтік желілерде жариялаған үндеуімен танысты, деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Президент Қорғаныс министріне армияда мұндай жағдайға жол бермеу қажет екенін ескертіп, тергеу амалдарын бақылауға алуды тапсырды.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар