Меккеде қажылық кезінде 500-ден астам адам көз жұмды

/image/2024/06/19/crop-45_33_624x1109_d3ad92c82a80a9c1.jpeg

Сауд Арабиясының Мекке қаласында қажылық кезінде аптап ыстықтан 500-ден астам адам қайтыс болды. Көз жұмғандардың 320-сының Мысырдан келгені анықталды. Иорданиядан келген 60 адамның да ыстықтан демі үзілді. Нақты айтқанда, 577 адам жан тапсырды деген дерек бар. 

Сауд Арабиясының билігі аптап ыстықтан 2 мыңнан астам адамның ауруханаға жатқызылғанын хабарлады. Мысалы, 16 маусымға дейін ыстықтан 2 мыңға жуық қажыға бірінші кезектегі медициналық көмек көрсетіліп, олар дереу ауруханаға жеткізілген. Келесі күні 17 маусымда Меккедегі Харам мешітінде ауа температурасы 51,8 градусқа жеткен.

Сауд Арабиясында діни рәсімдер өткізілетін аймақтарда ауа температурасы 10 жыл сайын 0,4 градусқа көтеріледі. Сол себепті жергілікті атқарушы орган дүниежүзінің түкпір-түкпірінен қажылыққа келіп, парызын өтейтін туристерге аптап ыстықта қолшатырларды қолданып, күннің ең ыстық кезінде күн сәулесінен қорғануға кеңес береді. Алайда қажылар ашық аспан астында Арафат тауына шығып, дұға ету секілді рәсімдерді жасағанда ескертуді елемейді, – делінген хабарламада.

Биыл Сауд Арабиясына қажылық парызын өтеуге 1 млн 800 мың адам барған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар