Қырғызстан президентінің қарындасына үйленуге ұсыныс жасаған жігіт ұсталды

/image/2024/07/10/crop-50_36_506x899_2684646.fa3509a41ae6fdc87ef3e62d25078d8b.jpg

Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың қарындасына үйленуге ұсыныс жасаған жігіт ұсталды. Ақпаратты Садыр Жапаровтың баспасөз хатшысы Асқат Алагөзов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында растап, түсініктеме берді. 

"Президент Садыр Жапаровтың інісінің қызына сөз салған жігітті құқық қорғау органдары ұстағанын растаймыз. Ләззат Нұрқожаеваның күйеу жігіті тікұшақпен ұсыныс жасағаннан кейін танымал болды. Бұл жігіттің негізгі мақсаты өзінің заңсыз әрекетін қорғау үшін билікте өз адамын табу болды деп айтуға толық негіз бар", - деді президенттің баспасөз хатшысы. 

Ұсталған жігіт пен оның сыбайластарының заңсыз әрекеттері туралы тергеу жүргізілетін болды. 

Еске сала кетейік, жақында Садыр Жапаровтың інісінің қызы әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен болатын. Оған үйленуге ұсыныс жасаған ер адам Қырғыз Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағын пайдаланған. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар