Алматыда арықтау үшін ота жасатқан келіншек көз жұмды

/image/2024/07/11/crop-186_168_305x542_moyv0g8s.webp

 

Алматыда артық салмақтан арылу үшін липосакция жасатқан 47 жастағы әйел көз жұмды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

8 шілдеде туған күнін атап өткісі келген марқұм қуанышына бір тәулік жетпей жер қойнына тапсырылды. Артында 3 баласы қалды.

Хирургиялық операциядан кейін Құралай Батырханованың жағдайы нашарлап, жекеменшік клиникада жан тапсырған. Марқұмның жақындары болған іске дәрігерлерді кінәлап отыр. Сөздерінше, медициналық мекемедегілер 2 миллион теңгелік отаның соңы өлімге әкелуі мүмкін екенін ескертпеген.

"AMIRA" Пластикалық хирургия және косметология клиникасының бас дәрігері Данияр Урмузин клиникада бұған дейін адам өлімі болмағанын, моральдық жауапкершіліктен жалтармайтынын айтып отыр.

Полиция аталған жайтқа байланысты қылмыстық іс қозғаған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар