Бас прокуратура бойжеткенді зорламақ болған қазақстандық Грузиядан экстрадицияланғанын хабарлады.
Прокуратура мәліметінше, күдікті 2020 жылы Шымкент қаласында бойжеткенді зорламақ болған. Жәбірленуші белсенді қарсылық көрсетіп, қылмыскердің қолынан қашып құтылған.
"Сот аталған тұлғаны кінәлі деп таныған, алайда сотталған үкімді жариялауына қатыспай, жасырынып, тағайындалған жазаны өтеуден жалтарған. Соған байланысты ол халықаралық іздестіруге жарияланды. 2023 жылғы қазанда сотталушы Грузия аумағында ұсталды. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша грузиялық тарап оны экстрадициялау туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды" делінген хабарламада.
Пікір қалдыру