Қырғызстанда сел ағызып әкеткен 6 жасар қыздың сүйегі Өзбекстаннан табылды

/image/2024/07/15/crop-73_50_525x934_photo1721022485.jpeg

Қырғызстанда 14 шілде күні сел жүріп, 4 адам жоғалып кеткен болатын. Кейіннен Ош облысында су алып кеткен 6 жасар қыздың денесі Өзбекстан аумағынана табылды. Бұл туралы Қырғызстан төтенше жағдай министрлігі хабарлады.

"Ош облысында сел ағызып әкеткен 6 жасар қыздың сүйегі Өзбекстанның Әндіжан қаласындағы Шахрихонсой суару каналынан табылды. Өзбекстан 2017 жылы туған қыздың сүйегін "Достық" шекара бекеті арқылы берді", — делінген хабарламада.

Қырғызстан ТЖМ мәліметінше жоғалған адамдар бір отбасының мүшелері:  1980 жылы туған әйел мен оның 2005, 2014 және 2018 жылғы үш қызы. 

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар