Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың жиен інісі Ұлан Жапаров ұсталды. Ол ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген. Бұл туралы Vesti.kg ақпарат порталы мәлімдеді.
Бішкектің Первомайский аудандық соты 21 маусымда Бішкек бойынша МҰҚК ММ тергеушісінің өтінішін қанағаттандырып, Ұлан Жапаровты 19 тамызға дейін қамауға алуға үкім берген. Жапаровты Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті ұстаған.
Айта кетейік, бұған дейін Ұлан Жапаров сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікпен ұсталған болатын. Алайда кейіннен қамаудан босатылған еді.
Пікір қалдыру