"Ол таңғы сағат 5.30 шамасында табылды. Біз іздеуді күн шыққан кезде бастаймыз. 13.30 шамасында мәйітті бүтін етіп шығаруға тырыстық Эскалатор мәйітті зақымдауы мүмкін. Содан кейін полиция келіп, барлық процедуралар басталды" — деді Қайролла Жүрсінбаев.
Еске сала кетейік, 4 қаңтарда алтын кен орнындағы шахтаға бара жатқан құтқарушылар мінген автобус карьерге құлап кеткен.
Автобуста үш құтқарушы мен жүргізуші болған. Көп ұзамай екі адамның мәйіті табылған. Бүгін үшінші адамның мәйіті табылды. Қаза болған төртінші адамның денесі іздестіріліп жатыр.
Пікір қалдыру