Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, сауалнама 13-15 күн ішінде өткізіледі, деп хабарлады Ulysmedia.kz сайты.
Статистикасы департаментінің ұлттық санақ өткізу басқармасының басшысы Әсел Сәрсекова брифинг барысында Қазақстанда пилоттық ауыл шаруашылығы санағы өткізілетінін хабарлады.
“Негізгі сауалнаманы аумақтық бөлімшелердің қызметкерлері жүргізетін болады. Біз пилоттық жобаға сұхбат алушыларды тартпаймыз, сауалнаманы өз күшімізбен жүргіземіз. Сауалнама қалалық жерлерде 13 күн ішінде, ауылдық жерлерде 15 күн ішінде жүргізілетін болады", - деді ол.
Санақ 2025 жылдың 1 тамызынан 20 қазанына дейін өткізіледі. 2025 жылдың 15 мамырынан маусым айына дейін қалалық жерлерде саяжайлар мен бақша учаскелері бойынша алдын ала аралау жоспарланған.
"1-31 тамыз аралығында онлайн-санақ болады: респонденттер сайтта санақ парақтарын өз бетінше толтыра алады. Содан кейін 20 күн ішінде деректерді өңдеу бойынша жұмыс жүргізілетін болады", - деді ол.
Одан әрі - 20 қыркүйектен 20 қазанға дейін - үй шаруашылықтарынан сауалнама алынады.
Пікір қалдыру