Елена Рыбакина Париж Олимпиадасына қатыспайтын болды. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы мәлімдеді.
"Қазір Елена бронхитпен ауырып жүр. Дәрігерлер оған жарысқа қатысу былай тұрсын ұшақпен ұшуға тыйым салды", — деп мәлімдеді федерация.
Спортшының өзі де әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, ауырып қалғанын жеткізді.
"Сіздердің үміттеріңізді ақтай алмағаным және біздің құрама сапында олимпиадаға қатыса алмайтыным өте өкінішті ", — деп жазды ол.
Пікір қалдыру