Белгілі стендап-комик Александр Меркульге "Ұсақ бұзақылық" бабы (434-баптың 1-бөлігі) бойынша айып тағылып, 10 күнге қамалды.
Сот мәліметінше, Александр Меркуль Instagram желісі мен YouTube арнасында қоғамдық орында бейәдеп сөздер қолданған бейнежазба жариялаған. Оған бейнежазбада басқаларға құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіпті бұзды деген айып тағылды.
"Сот отырысында А.И.Меркул өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкініш білдірді. 2024 жылы 7 маусымдағы бейәдеп сөздер айтылған видео мейрамханада өткен әзіл-оспақ аясында түсірілгенін түсіндірді" – деп мәлімдеді сот.
Сонымен қатар, әзілкеш сотта 2023 жылы қыркүйектегі "Жаңа Қазақстан" туралы екі жазбасы әлеуметтік желіден өшірілгенін, ол жерде де бейпіл сөздер болғанын айтқан.
Пікір қалдыру