Биыл Арал теңізіне 1,38 млрд текше метр су келді

/image/2024/08/01/crop-4_1_164x292_images.jpg

Халықаралық Аралды құтқару қорының Қазақстандағы атқарушы дирекциясының кеңсесінде өткен кездесуге ХАҚҚ сарапшылары мен жобаны әзірлеуші мамандар қатысты.

Министр жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу барысы және Солтүстік Арал теңізіндегі су ресурстарын ұлғайту және тұрақтандыру жұмысымен танысты.

Жоба үш негізгі бағыттан тұрады.

Бірінші бағыт теңізде және оған жақын аймақта балық аулау мен су ортасының жағдайын жақсартуды, сондай-ақ Сырдария өзенінің атырабындағы сулы-батпақты жерлерді тұрақтандыруды көздейді.

Су инфрақұрылымы жетілдіріліп, Солтүстік Арал мен Сырдария атырабындағы гидрологиялық жағдайы жақсарады. 

Екінші бағыт — Қызылорда облысында балық шаруашылығын, мал шаруашылығын, туризмді және орман отырғызуды дамыту арқылы орнықты экономикалық, әлеуметтік және экологиялық қызметті қолдау. 

Үшінші бағытта Арал-Сырдария бассейнінде су ресурстарын басқару жүйесі жақсарады деп күтіліп отыр. 

Кездесу қорытындысы бойынша министр ТЭН-ді мерзімінен кешіктірмей әзірлеу жөнінде бірқатар ұсыныс айтты, сондай-ақ Арал аймағында жобаға қатысты қоғамдық тыңдау өткізуді тапсырды.

«Әзірленіп жатқан жоба — Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Солтүстік Аралды сақтау жөніндегі ауқымды жобаның жалғасы. Ол 2002-2010 жылдар аралығында іске асып, бүкіл Арал өңіріне оң әсерін тигізді. Екінші кезең Солтүстік Аралды тұрақты сумен қамтамасыз етуден бастап экономикалық және әлеуметтік жобаларды дамытуға дейінгі түрлі бағыттарды қамтиды», — деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың басынан бастап Солтүстік Арал теңізіне 1,38 млрд текше метр су келді.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар