Бұрынғы уақыт белдеуі қайтарылмайтын болды

/image/2024/08/02/crop-26_17_655x1164_65aa55afc8762924469435.jpg

Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Балықбаев министрліктің алдын ала шешімін жариялап, уақыт белдеуі бұрынғы режимге қайтаруға негіз жоқ екенін мәліметті.

“Мен алдын ала шешімді айтайын деп отырмын. Уақыт белдеуін бұрынғы қалпына қайтару туралы петиция өкілдерінің уәждерін талқылай келіп, ол талапты орындаудан бас тарту жөнінде шешім қабылдауға бекініп отырмыз. Мен бүгінгі жиынның төрағасы ретінде осы 1,5 ай ішінде сіздер атқарған бүкіл жұмыстың қорытындысы бойынша өтінім берушілер келтірген уәждердің ешбірін дәлелдейтін фактілер табылған жоқ. Уақыт белдеуінің өзгеруі азаматтардың денсаулығына да, электр қуатын тұтыну шығындарына да әсер еткен жоқ” деп келтіреді Қазақпарат вице-министрдің сөздерін.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар