Ертеңнен бастап Алматыда қоғамдық көліктегі жолақы 120 теңге болады. Сонымен қатар, жол ақысын қолма-қол төлеу алынып тасталады.
Бір айға арналған жол жүру тарифтері де қымбаттаған:
• ересектер үшін — 9 900 теңге;
• студенттер үшін — 4 200 теңге;
• оқушылар үшін — 2 000 теңге;
• зейнеткерлер үшін — 3 000 теңге
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда жолақысы тамыз айынан бастап 120 теңге болатыны айтылған.
Пікір қалдыру