Жаңа оқу жылында колледж студенттерінің шәкіртақысы өседі. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсенбаев мәлімдеді.
"1 қыркүйектен бастап колледж студенттерінің шәкіртақысы өткен жылғы деңгейден 50 пайызға артады (2022 - 21 мың теңге, 2023 - 32 мың теңге, 2024-43 мың теңге)" – деді министр.
Колледж студенттерінің шәкіртақысы:
• жұмысшы мамандықтары бойынша 43 574 теңге;
• орта буын мамандары үшін 41 896 теңге болады.
Бакалавриат студенттерінің стипендия 20 пайызға артып, 47 135 теңгеге дейін, ал педагогика және медицина бағыттарындағы білім алушылардың стипендиясы 75 600 теңгеге дейін көбейеді. Интернатурада 85 376 теңге, ал резидентурада – 123 122 теңге болса, магистранттар мен докторанттардың стипендиясы 15 пайызға артып, тиісінше 107 061 теңге және 240 000 теңге болады.
Пікір қалдыру