Парижде Алматы спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллин қайтыс болды. Ақпаратты ҚР Туризм және спорт министрлігі растады.
"Өкінішке қарай, Парижде Алматы қалалық спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллиннен айырылып қалдық. Оның кенеттен жүрегі тоқтап, қайтыс болды", — деді министрлік өкілдері.
Айта кетейкі, Ерден Хайруллин 2012-2019 жылдары Алмалы ауданы әкімі аппаратында кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің бас маманы, осы бөлімнің басшысы болып қызмет атқарған.
2019-2022 жылдары Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген.
Алматы спорт басқармасын 2022 жылдың мамыр айынан бері басқарып келді.
Пікір қалдыру