Әкімдіктің ресми сайтының мәліметінше, жәрмеңкеде жаңадан піскен жеміс-жидек пен көкөніс, табиғи бал, жаңғақ, кептірілген жеміс, дәмдеуіштен бөлек, былғарыдан, керамикадан, ағаштан жасалған, қолдан тоқылған кілемдер, кәдесыйлар секілді ұлттық қолөнер бұйымдарын сатып алуға болады.
Сондай-ақ жәрмеңкеде Тәжікстан мәдениет қайраткерлерінің қатысуымен концерттік бағдарламаны тамашалауға болады.
Жәрмеңке «Барыс-Арена» спорт кешеніне іргелес аумақта 10 тамыз сағат 11:00-ден 19:00-ге дейін, 11 тамыз күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді.
Пікір қалдыру