Оқу-ағарту министрлігі Сара Назарбаева ашқан "Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығын "Үздіксіз инклюзивті білім берудің ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны етіп қайта құруды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда құжат жобасы Ашық НҚА порталында талқыға шығарылды.
"Орталықты құру инклюзивті білім беру бойынша ғылыми-зерттеу қызметін және мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру деңгейлерінде білім беру ұйымдарын әдістемелік қамтамасыз етеді", – делінген ресми мәлімдемеде.
Сонымен қатар, аталған кәсіпорын ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурстарға қатысу құқығына ие болып, инклюзивті білім беруді дамытудың өзекті мәселелері бойынша зерттеулер жүргізеді.
Пікір қалдыру