Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі соңғы уақытта қай салада жұмысшыларға сұраныс артқанын айтты.
"Негізгі бос жұмыс орындарының жартысы, яғни 51,9 мың орын білім, денсаулық сақтау және басқа да қызмет түрлері салаларындағы кәсіпорындарда байқалды. Өткен аймен салыстырғанда орташа білікті жұмысшыларға сұраныс 14% өсті, 6,1 мың бос жұмыс орны пайда болды", – делінген еңбек министрлігінің хабарламасында.
Шілде айында ең көп сұранысқа ие болған мамандықтар:
- Автокөлік жүргізушілері (2 мың бос жұмыс орны және 2,3 мың түйіндеме);
- Тәрбиешілер (2,1 мың түйіндеме және 1,9 мың бос орын);
- Медбикелер (2 мың түйіндеме және 1,6 мың бос орын).
Бір айда сұраныс артқан мамандықтар:
- Тігінші – 600 бос жұмыс орны,
- Математика мұғалімі – 320 бос жұмыс орны
- Тәрбиешінің көмекшісі – 300 бос жұмыс орны.
Пікір қалдыру