Осы орайда, Бостандық ауданының әкімі Санжар Меңдібайұлы тұрғындармен кездесті. Жиналыс арасында тұрғындар жаңа мектептің орыс-қазақ тілінде аралас болуына наразы екендіктерін білдірді. Олардың айтуынша, Бостандық ауданында қазақ мектептері жоқтың қасы. Ал орыс тілінде білім беретін мектептер өте көп. Атап айтсақ, №38, №125, №63 мектептер бар. Ал қазақ тілінде тек 146 мектеп-лицейі ғана болғандықтан, бір сыныпта 30-35 оқушыға дейін оқуға мәжбүр, дейді мектептің қазақ тілді болуын қолдайтын тұрғындар.
Бостандық ауданының тұрғыны Қанат Қуанышұлы:
- Жаңадан салынып жатқан мектеп аралас болады ма, орысша болады ма, түсінбей жатырмыз. Бастапқыда бұл мектепті қазақ мектебі болады деп қуанып едік, – дейді.
Тұрғындардың сауалына жауап берген әкім Санжар Меңдібайұлы бұл мәселені аудан әкімінің құзырына кірмейді деп жауап берді. Ол жауабында: «Сіздер бұл мәселені Білім басқармасына жолдаңыздар. Шешетін сол кісілер. Аудан әкімі емес» дейді.
Егер де балам қазақ тілінде оқысын деген тұрғындардың өтініші 1500-ға дейін жетсе, жаңа мектеп қазақ тілінде ашылады. Әзірге 800 оқушы жиналған. Бірақ орыс тілінде білім аламын деген оқушылардың саны бір сыныпта 5 оқушыдан асса, онда мектеп аралас болып кетуі де ықтимал.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Пікір қалдыру