Құрлықта және теңізде: Ақтаулықтар теңіз жағасындағы қаланы қалай тазартты?

/image/2024/08/10/crop-8_27_896x1592_74074014-1cff-46c4-beaf-ab9a0a230347.jpeg

Маңғыстауда «Таза Қазақстан» ауқымды сенбілік өтті. Жағалауды, саябақтарды, алаңдарды, тіпті теңіз түбін тазалауға 3 мыңнан астам адам шығып, 100-ге жуық арнайы техника жұмылдырылды. Барлығы 300 тонна қоқыс жиналып, шығарылды.

Ми

Аптап ыстыққа байланысты сенбілік таңертең ерте басталды. Мемлекеттік қызметкерлер, кәсіпкерлер мен полиция қызметкерлері, әртістер мен қоғам белсенділері, депутаттар мен спортшылар, паралимпиадашылар, энергетиктер мен дәрігерлер, сүңгуірлер мен банк қызметкерлері, көп балалы аналар мен облыс тұрғындары қоқыстарды шығарып, қамыстарды жинап, жағалауды тазартты. Сондай-ақ, Ақтау және Жаңаөзен қалалары мен Мұнайлы, Маңғыстау, Түпқараған, Бейнеу және Қарақия да сенбілікке атсалысты.

Ррд

Ақтаудағы экологиялық шара ерекше форматта ұйымдастырылды. Теңіз жағасына киіз үйлер тігіліп, акцияға қатысушыларға ыстық тамақ пен шай ұсынылды. Тұрғындар үшін ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Әуенсіз тазалық қалай жүргізілмек? Ақтаулық актер, әнші, жыршы Нұрсұлтан Жексенбаев сенбілікке қатысушыларға арнау арнады. Орындаушының айтуынша, төрт шумақтан тұратын бұл шығармада Каспий теңізінің жағасында орналасқан Ақтаудың ұлылығы, көріктілігі мен тазалығы дәріптеледі.

Рн

– Жан дүниесі таза адам өз қаласына немқұрайлы қарай алмайды. Бұл бәріміз үшін маңызды. Азаматтық позициямды көрсетіп, сенбілікке қатысушыларды жігерлендіру үшін арнау айттым. Осылайша ортақ іске өз үлесімді қосқым келеді», – деді Нұрсұлтан Жексенбаев.

Жағада сүңгуірлер су түбін тазартуға арнайы киімдерін киіп, теңіз түбінде жиналған қоқыстарды тазартты. Оның ішінде, пластик, сөмкелер және металл банкалар көптеп кездеседі. Командир лейтенант, сүңгуір қызметінің аға нұсқаушысы Сайран Әбдікәрімов Қазақстан Республикасы Әскери-теңіз күштерінде 9 жылдан астам қызмет етіп келеді. Ол әскерилердің мұндай игі істерді әрқашан қолдауға дайын екенін атап өтті.

«Үш сүңгуір шамамен 250 шаршы метр аумақты бөліп алып, әрқайсысы қоқыс жинады. Өткен жолы 10 қап жинадық, бұл жолы - 12 қап. Мұндай іс-шараларға әрқашан қуана қатысамын, өйткені теңізіміз таза болуы керек», - дейді сүңгуір.

Қызметтік қарудың орнына – күрек пен тырма. Полиция қызметкерлері де бүгін жағалауда жұмысқа кірісті. Соның бірі - полиция инспекторы, полиция майоры, СОБР қызметкері Ғабит Халбаев. Ол жұмыс көп уақытын алатынын, алайда соның арасында уақыт тауып, отбасымен бірге теңізге келіп үлгеретінін айтты.

«Жағажай мен қоқысты көргенде, біздің азаматтардың табиғатқа осылай қарайтыны қатты қынжылтады. Қоқысты әрдайым жинап жүреміз және балаларға да үнемі қоқыс тастамау керектігін түсіндіремін, ал қоқысты тастағандарға ескерту беремін. Айта кетейін, апта сайын бөлім ғимаратының аумағында сенбілік өткіземіз, бүгін мұндай ауқымды шараға бірінші рет қатысып отырмын», - дейді майор.

Қала тұрғындарымен бірге жағалауды тазалауға Н. Жантурин музыкалық-драма театрының шаруашылық меңгерушісі Гүлсара Сүндетова сенбілікке өз сүйікті қаласы үшін келгенін және оны қала қонақтарына мақтанышпен көрсеткісі келетінін айтады.

«Біз жеріміздің таза болғанын және жағалаудың әдемі болғанын қалаймыз. Өйткені, адамдар полигонға емес, демалысқа келетіндей тазалық керек. Баратын туыстарымызға таза теңіз бен жағалауды көрсеткім келеді, өйткені теңіз - басты көрікті жеріміз. Мен адамдарды өзінен қалған қоқыстарды жинап кетуге шақырамын, өзіңізбен бірге жеңіл пакет ала жүру қиын емес. Сондай-ақ, қаламызды күнде таза ұстайтын сыпырушыларымызға алғыс айтамын!».

Жағалауды ретке келтіріп, іскер әріптестерімен кездескен мекеме қызметкерлері сенбілік күнін тимбилдинг іс-шарасына айналдыруды ұйғарды.

«Біздің мекеме қоғамдық тамақтандыру саласында жұмыс істейді. Бүгінгі таңда 50 қызметкер осы аумақты таза жерге айналдыру үшін әдемі теңізіміздің жағасына жиналды. Тазалық өзімізден, отбасымыздан басталады. Сондықтан біз осындай шараларды әрқашан қуана қолдаймыз. Мұндай игі іс ұжымның ұйымшылдығын арттырады. Одан бөлек, тазалық жұмыстарын жүргізіп жатқанда басқа кәсіпорындағы әріптестермен кездесіп, әңгімелестік», – дейді «Берекет-Ф» ЖШС бас директорының орынбасары Анар Кульчикова.

Ақтаулық жастар сенбілікке шығармашылық шабытпен келді. 70-ке жуық жастар жағалауды тазартып, ән шырқап, сенбілікке қатысушыларға керемет көңіл-күй сыйлады.

«Қаламыздың ең көрікті жерлерінің бірі – жағалау. Бірақ, көп адамдар оны ластап тастайды, әсіресе түннен кейін көп қоқыс қалады. Біз әрқашан тазалыққа ұмтылуымыз керек. Біздің міндетіміз – қоғамға пайда тигізу», – дейді облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы Абылай Фазылбек.

Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» шарасына 150-ге жуық спортшы, оның ішінде Маңғыстау облыстық мүгедектер спорт клубының 15 мүшесі қатысты. Олардың қатарында парапауэрлифтингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ғани Есентеміров, бокстан әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов, бокстан Азия чемпионы Берік Әбдірахманов, бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов бар.

«Бүгін спортшылар шетте қалмай, сүйікті қаламыздың келбетін жақсартуға жан-жақты көмек көрсетуді ұйғарды. Өйткені, туған жерді көркейту – әрбір азаматтың борышы. Қоқыс пен шөпті жинап, үш жүк көлігіне тиедік», – деді Ғани Есентеміров.

Сенбілікке өзгелермен бірге Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай да шықты. Өңір басшысы жағалауды тазалап болған соң, күнделікті қала тазалығын күзететін коммуналдық қызметшілермен әңгімелесіп, шай ішті.

«Қала тұрғындарының белсенділігін ерекше атап өту керек. Маңғыстау – ортақ үйіміз. Барлығымыз таза көшемен жүріп, таза жерде серуендегіміз келеді. Ал ол тек өзімізге байналысты. Бұл экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған үлкен шара. Қоршаған ортаны ұқыпты ұстау, өлкемізді қоқысқа толтырмау әрқайсысымыздың міндетіміз. Мұндай шаралар дәстүрлі түрде жалғасын табуы керек», – дейді Нұрдәулет Игілікұлы.

Жалпы республикалық "Таза Қазақстан" эко-науқаны аясында өткен Ақтаудағы ауқымды сенбілік жағалаудағы жәрмеңкемен және концерттік бағдарламамен жалғасты. Жағалауда киіз үй тігіліп, эко-шараның барлық қатысушыларына ыстық шай мен ас берілді.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар