"Төмен нәтижеге байланысты": Бокстан Қазақстан құрамасының жаттықтырушылары жаппай жұмыстан шығарылды

/image/2024/08/13/crop-0_29_668x1188_full_17234814269cc1af36eb9a7d0aa00375e3c9578bff_webp.webp

Бұл туралы ақпарат бокс федерациясының әлеуметтік желідегі парақшасында пайда болды.

“Бокстан Қазақстан ерлер ұлттық құрамасының Париждегі Олимпиада ойындарындағы төмен нәтижесіне байланысты келесі мамандардың қызметінен босатылғанын хабарлаймыз”, – делінген жазбада. 

Тізім:

  • Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті – Әзиз Қожамбетов;
    - Бас бапкер – Мырзағали Айтжанов;
    - Аға жаттықтырушы – Марат Жакиев;
    - Жаттықтырушылар – Нүркен Андасов, Нұржан Насанов, Ғани Әшкеев, Ермек Ертаев, Талғатбек Жақпеков, Зәкір Сафиулин, Азамат Мақажанов, Жәміл Жүсіп;
    - Жаттықтырушы-кеңесші – Донатас Янусевичус.                                                            Алайда ақпарат жарияланған соң бірнеше минуттан кейін бокс федерациясының ресми парақшасынан өшірілді.
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар