Петиция авторларының пікірінше, қазақстандықтар қаржылық қызметтерді цифрландырудың мұндай түріне әлі дайын емес.
«Онлайн несиелердің оңай қол жетімділігі халықтың осал топтары арасында қарыз жүктемесінің өсуіне және қаржылық тұрақсыздыққа әкеледі. Жоғары пайыздық мөлшерлемелер мен ашық айқын емес несие шарттары көбінесе адамдарды қарызға батырады. Қарыз шұңқырына түсуден бөлек, онлайн-несие алаяқтық, ұрлық және бопсалау сияқты қарызды өтеу жолдарымен байланысты қылмыстардың көбеюіне алып келеді», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, петиция түсіндірмесінде әскери қызмет жағдайында онлайн кредит мәжбүрлеу және қаржылық зорлық-зомбылық көрсету құралына айналатыны айтылған.
Авторлар онлайн-кредиттер беруге тыйым салуды ғана емес, сонымен қатар микрокредиттер беру саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды күшейтуді талап етеді.
Кеше жарияланған петиция 6 қыркүйекке дейін көпшіліктің талқысына ұсынылып отыр. Қазір петиция 581 қаралым жинады, әзірге ешкім пікір қалдырмаған.
Пікір қалдыру