Жезқазған соты облыстың Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ә.С. Омар сотталды. Бұл туралы Антикор хабарлады.
Ол мұражай мамандары мен басқа да ғалымдардың мақалалар жинағын шығару бойынша орындалмаған жұмыстары үшін 2,3 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырған.
Шенеунік бұрын Жезқазған қалалық сотының 2024 жылғы 12 наурыздағы үкімімен пара алғаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылғандықтан, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 58-бабының 3,6 бөліктеріне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша тағайындалған жазаның өтелмеген бөлігін ішінара қосу арқылы 6 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Сонымен қатар, ол өмір бойына мемлекеттік мекемеде қызмет атқау құқығынан өмір бойына айырылды.
Пікір қалдыру