Қайрат Сатыбалды тағы 50 млрд теңгеден астам активті мемлекетке қайтарады. Бұл туралы Бас прокуратураның активтерді қайтару комитеті мәлімдеді.
Комитеттің ақпаратынша, қайтарылатын активтер:
• 20 млрд теңге тұратын Дубайдағы екі вилла;
• Франция жағалауындағы 4 млрд теңге тұратын төрт элиталық пәтер;
• 5 млрд теңге болатын Мәскеу қаласындағы беделді тұрғын үй кешендеріндегі 15 жылжымайтын мүлік;
• Құны 4 млрд теңгеден астам Түркияның Бодрум мен Стамбул қалаларындағы екі элиталық вилла және пәтер.
Айта кетейік, бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қайрат Сатыбалдыдан қайтарылған дүние-мүліктің тізімін жариялаған болатын.
Пікір қалдыру