Жуырда Ербаян Мұхтар ата-анасының талабымен үйіне шығарылды. Сарбаздың туыстары жеке дәрігерлердің ақысын төлей алмай қазақстандықтардан көмек сұраған еді. Блогер Лола Израилова сарбаздың отбасының ресми өкілі ретінде Ербаян Мұхтардың жағдайы туралы хабар таратып жүр. Ол Ербаянның туыстарының қазақстандықтардың көмегінен кейін көзіне жас алғанын айтты.
"Ербаянның отбасы бүкіл Қазақстан халқына және емделуге қаражат жинауға көмектескен басқа елдердің азаматтарына шексіз алғысын білдіреді. Ата-анасы көз жасына ерік берді, мұндай керемет қолдау бүкіл ұжымды таңғалдырды. Сөзіміз жоқ. Мемлекет талай айдың ішінде жасай алмаған істі санаулы күнде жасадыңыздар. Мен Қазақстанда тұратынымды мақтан тұтамын", — деп жазды блогер. Сондай-ақ блогер Ербаянның отбасы ақша жинауды жалғастыру керек пе, жоқ па деген мәселені ойланып жатқанын айтты.
"Өйткені бізді санитарлық авиацияның 25 000 000 теңгеден 60 000 000 теңгеге дейін тұратыны қорқытады. Емдеу қанша айға созылатыны, емхана қанша төлейтіні белгісіз. Адамдар медицинасы дамыған елдерге ұшуға кеңес береді. Ал бұл, тиісінше, біз ойлағаннан әлдеқайда қымбатқа түседі", – дейді блогер. Қаржы жинау 1 маусымда басталған. Ол кезде Түркияда емделу үшін 30 миллион теңге қажет екені айтылған. Бірақ, ең әуелі, жас жігітке оңалту шаралары қажет.
Пікір қалдыру