Бұл туралы Алматы қаласының білім басқармасы басшысының орынбасары Айдын Сайлаубай ӨКҚ өткен брифингте айтты.
"Білім басқармасымен келісілгендей, 1 қыркүйек – демалыс күні, ал 2 қыркүйекте таңертең салтанатты жиын болады. Дәстүр бойынша бірінші сынып оқушыларына алғашқы қоңырау соғылады. Жиын ұзаққа созылмайды, барлық мектепте шамамен 10-15 минут өтеді", – деді Сайлаубай.
Бұған дейін білім министрі Ғани Бейсембаев елімізде алғашқы қоңырау 1 қыркүйекте өтетінін, басқа күнге ауыстырылмайтынын айтқан.
Пікір қалдыру