Ресей мен Қазақстан бірлескен демаркациялық комиссия әртүрлі учаскелерде мемлекеттік шекара сызығын белгілеуге қатысты мәселелерді талқылады. Бұл туралы Қазақстан сыртқы істер министрлігі хабарлады.
"Тараптар Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын демаркациялау бойынша қорытынды құжат жобаларын дайындау және бекіту бойынша жұмысты жалғастырды, әртүрлі учаскелерде мемлекеттік шекара сызығын белгілеуге қатысты мәселелер кешені талқыланды" – делінген хабарламада.
Пікір қалдыру