Парижде қамауға алынған Telegram әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Павел Дуров 12 қылмысқа қатысы бар деген күдікке ілінген. Бұл туралы Париж прокуратурасы хабарлады.
Павел Дуровқа тағылған айыптар:
• ұйымдасқан топтардың заңсыз мәмілесін жүргізуге онлайн-платформаны басқаруға қатысу;
• құқық қорғау органдары тергеу жүргізу үшін сұраған қажет ақпаратты бермеу;
• кәмелетке толмағандарға байланысты порнографиялық контентті сақтауға қатысу;
• осындай контентті таратуға қатысу;
• есірткі таратуға және сақтауға қатысу;
• киберқылмыстарға қатысу;
• ұйымдасқан қылмыстық топ ішінде алаяқтыққа қатысу;
• ауыр қылмыс жасау мақсатында қылмыстық сөз байласу;
• қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру;
• криптология бойынша лицензиясыз қызмет көрсету;
• криптологияға арналған құралды алдын ала декларациясыз жеткізу;
• мұндай құралды импорттау.
Айта кетейік, Павел Дуров Парижде ұсталған болатын. Кейіннен Франция президенті Макрон бұл "саяси шешім емес" деген болатын.
Пікір қалдыру