Жоғары деңгейдегі кластерлерді құру нәтижесінде 26 мың жұмыс орны ашылады

/image/2024/08/28/crop-0_1_675x1200_vfwvhpqgieyosu3anwylp0dn6hr8sagsqlvoyrx2.jpg_width=1200xheight=autoxtype=1.jpg

Үкімет инвестиция көлемі 15 трлн теңгеден асатын 17 ірі жобаның тізбесін бекітті. Оларды жүзеге асыру бірқатар маңызды экономикалық нәтиже береді деп күтілуде:

  • ыстық брикеттелген темірді қайта өңдеу арқылы болат құю өндірісін 100% шикізат базасымен қамтамасыз ету (2 млн тоннаға дейін);

  • жаңа өндіріс орнын ашу және қолданыстағы өндірісті жаңғырту, бұл болат өндірісін жылына 3 млн тоннадан 6 млн тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді;

  • мұнай өңдеу көлемін жылына 18 млн тоннадан 24 млн тоннаға дейін арттыру және мұнай өнімдерін өндіруді жылына 13,4 млн тоннадан 19 млн тоннаға дейін ұлғайту үшін мұнай өңдеу қуаттарын жаңғырту;

  • импортты алмастыру шеңберінде калий тыңайтқыштарын өндіру (толық өндірістік қуаты іске қосылған кезде – жылына 6 млн тонна);

  • жылына 1 250 мың тоннаға жуық полиэтилен өндірісін іске қосу, бұл ішкі сұранысты қанағаттандыруға және логистика, сауда, азық-түлік өнеркәсібі, машина жасау, құрылыс пен әскери-өнеркәсіптік кешен салаларында экспортты қолдауға мүмкіндік береді;

  • жылына шамамен 735 мың тонна полиэтилентерефталат өндіру, бұл ішкі сұранысты жабады және экспортты қамтамасыз етеді (ішкі сұраныс – 77,4 мың тонна, экспорт – 657,6 мың тонна);

  • химия өнеркәсібі өндірісін әртараптандыру үшін жылына 577 мың тоннаға жуық карбамидтің жаңа өнімін шығару;

  • екі зауытта жылына 160 мың автокөлік шығару арқылы автомобиль өндірісін локализациялауды 10%-дан 50%-ға дейін арттыру;

  • туризмді кластерлік дамыту (сауда, көлік және қызметтер), бұл іскерлік және инвестициялық қызметті ынталандыруға жол ашады;

  • қосылған құны жоғары азық-түлік өнеркәсібі өнімдерінің экспортын ұлғайту (өндіріс: 352 мың тонна желімтек, 110 мың тонна крахмал, 30 мың тонна глюкоза, 45 мың тонна фруктоза).

Аталған жобаларды іске асырудың нәтижесінде 26 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады, экспорт 6 трлн теңгеге артады және 1,5 трлн теңгеден астам сомаға импорт алмастырылады.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар