Атырауда 232 млн теңге жымқырғаны үшін №4 Атырау қалалық емханасының бір топ қызметкері бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
"26 тамызда Атырау қаласының соты №4 Атырау қалалық емханасының директоры Е. Сабировқа, шаруашылық меңгерушісі А. Әлжановаға, бас бухгалтер М. Дүйсенғалиеваға және кәсіпкер А. Ералиеваға қатысты үкім шығарды"- делінген хабарламада.
Сотталушылар заңнама талаптарын бұза отырып жасалған шарттар шеңберінде іс жүзінде қызмет көрсетусіз кәсіпкерге 231,8 млн теңге сомасында ақша аудару жолымен қаражат жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Сот үкімімен оларға 5 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сонымен қатар, емхана басшысы Сабиров өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқара алмайды. Әлжанова, Дүйсенғалиева және Ералиева мемлекеттік ұйымдарда 7 жыл материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.
Пікір қалдыру