- Еліміздегі әрбір шаңырақ қазақ отбасының үлгісіне айналуы керек. Әрине, қабылданған заң барлық қатерді бірден жойып жібермейді. Бұл – ұзақ әрі күрделі үдеріс. Заң жазалау үшін емес, ең алдымен, құқықтық мәдениетті қалыптастыру үшін маңызды. Оған бүкіл қоғам болып атсалысу қажет. Осы жолда ақпарат өкілдерінің рөлі ерекше.
Мемлекет барлық реформаны БАҚ-пен бірге атқарады. Сондықтан аталған заң да баспасөз құралдарымен түсіндіріліп, халықтың көкейіне жету керек. “Әр қазақ - менің жалғызым” деп, зорлық атаулыдан ада қоғам қалыптастырайық,- дейді Президент.
Пікір қалдыру