Банктерге көбірек салық салынатын болады #жолдау

/image/2024/09/02/crop-163_68_626x1114_062046286600.PNG

Банктер туралы жаңа заң қажет. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм" атты Қазақстан халқына Жолдауында мәлім етті.

Қ.Тоқаев үкімет пен ұлттық банк банктердің экономикаға көбірек қаржы құюына жағдай жасау үшін оңтайлы шешімдер ойластыруы керектігін айтты.

"Халықаралық сарапшылар қазақ банктерін ресурсқа бай елдер ішіндегі ең көп пайда табатын банктер санатына қосады. Сондықтан осы саладағы салық мөлшері әділ белгіленуге тиіс. Банктердің акционерлері дивидендіне сәйкес салық төлеуі керек. Банктерге мемлекет көрсеткен көмек тұрғысынан қарасақ, бұл – өте орынды ұстаным. Бізге Банктер туралы жаңа заң қажет. Бұл құжатта экономикалық белсенділікті қолдау және финтех саласын қарқынды дамыту сияқты өзекті мәселелер шешімін табуы керек. Қазір қолданып жүрген заң шамамен 30 жыл бұрын қабылданған. Ол кезде заман да мүлде басқа болды" деді президент.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар