Ауру шыққан кезден бастап қызуы көтерілуі, ішінің өтуі, лоқсу, әлсіздік бойынша 460 бала дәрігерлерге қаралған. Соның ішінде 92 бала ауруханаға жатқызылған.
"Барлық науқастар антибактериялық және дезинтоксикациялық, сонымен қатар симптоматикалық ем алуда. Дәрігерлер ішек микрофлорасын қалпына келтіру және регидратациялау бойынша заманауи әдістерді қолдануда, бұл науқастардың бойында аурудың белгілерін едәуір төмендетуге септік етті" делінген министрлік хабарламасында.
6 қыркүйек күні Мұнайлы ауданындағы №8 мектеп асханасында балалар жаппай уланған. Аталған дерек бойынша полиция "Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу" айыбы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Пікір қалдыру