Астана маңынан Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтар табылған - ҰҚК

/image/2024/09/10/crop-5_115_401x712_93a5fdd461f26779b7dc5150aa10d080_1280x720.jpg

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астана және Щучинск қалаларында атыс қаруы мен оқ-дәрілердің заңсыз айналымына қатысы бар бір топ адамның заңға қайшы әрекетінің жолы кесілгенін хабарлады.

Комитет мәліметінше, Астанада жүргізілген тінтулер барысында қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған 2 "Калашников" автоматы мен 43 оқ-дәрі, Щучинскіде – 7 атыс қаруы, 4 тапанша және 1500-ден астам түрлі калибрлі оқ-дәрі алынған.

"Жалпы биылғы жылдың басынан ҰҚК полиция органдарымен бірлесіп қарудың заңсыз айналымының 13 арнасын, сондай-ақ оны жасырын жасайтын 2 цехты жойды. 41 автомат, 203 мылтық, 121 тапанша, 57 қол гранатасы, 1 гранататқыш, 44 жарылғыш құрылғы және әртүрлі калибрдегі 11 138 патрон тәркіленді" делінген ҰҚК таратқан хабарламада.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар