Бүгін елордада Конституция Күні қарсаңында "отбасы және мемлекет" тақырыбында азаматтарға тегін құқықтық кеңестер өткізілді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпараттық агенттгі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып.
Астаналықтарға Нұра ауданы әкімдігі мен прокуратурасының, "Құқық" қоғамдық қорының, қалалық адвокаттар алқасының, елордалық Әділет департаментінің және басқа да мекемелердің мамандары кеңес берді.
"Бүгінгі іс-шараның мақсаты-азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Қазіргі уақытта көптеген адамдар мамандар кеңесінің ақысын төлей алмайды. Осыған байланысты бүгін тұрғындарға некені бұзу, мұрагерлік, жәрдемақы төлеу тәртібі және т. б. мәселелері бойынша кеңестер беріледі.
Келушілер мамандармен бірге өз мәселелерін талқылап, оларды шешудің жолдарын таба алды. Сонымен қатар, олар өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап алды.
"Біз осындай іс-шараларды тек Астанада ғана емес, Шымкент, Семей, Жезқазған, Алматы, Қарағанды, Атырау, Ақтөбе, Түркістан және Ақмола облыстарында да өткіземіз. Бұл іс-шараның пайдасы көп. Себебі азаматтар заңгерлік тегін кеңес алып, өз құқықтары туралы көбірек біле алады", - деді "Құқық"қоғамдық қорының басшысы. Айта кетейік, іс-шараны "Құқық" қоғамдық қоры ұйымдастырған болатын.
Пікір қалдыру