Оңтүстіктен солтүстікке көш. Бағдарламаны іске асыруда 1 млрд теңге жымқырылған

/image/2024/09/12/crop-0_6_636x1130_ishkikoshbagdarlamasy.jpg

Бас прокуратура азаматтарды оңтүстіктен солтүстік өңірлерге ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасын іске асыруда 1 млрд теңгеден астам қаражатты жымқыру фактілері анықталғанын хабарлады.

Жұмқыру деректері азаматтарды жалған қоныс аудару жолымен жасалған.

"Қоныс аударушылар болып жалған адамдар есепке алынған, ал құжаттар төмен бағамен сатып алынған көрінеу тұруға жарамсыз немесе апатты ғимараттарға рәсімделген. Кейбір жағдайларда азаматтар өздерінің құжат бойынша қоныс аударылғанын білмеген де. Мұндай фактілер ШҚО, Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Абай және Ұлытау облыстарында анықталды. Мысалы, Павлодар облысының Успен ауданында «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің қызметкері арзан үйлерді тауып, қоныс аударушыларға жоғары бағамен сатуды ұсынып, мемлекеттен алынған қаражаттың бір бөлігін өзіне қалдырып отырған. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, орталықтың қызметкері үйқамаққа алынды. ШҚО-да қоныс аударушылар мен сатушылар арасында сөз байласу жағдайлары анықталды, олар мемлекеттік көмекті алу үшін жалған шарттар жасап, одан кейін бұл қаражатты бөліскен. Одан әрі азаматтар бұрынғы мекенжайларында тұра берген" делінген прокуратура хабарламасында.

Күдіктілердің бірі алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, бір жылға бас бостандығын шектеуге сотталған. Прокурорлар жалпы 20 сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін бастаған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар