Әскери қызметші өзіне қол салды. Әскери институт оқиғаға пікір білдірді

/image/2024/09/13/crop-10_9_354x629_avoku.jpg

Кеше Құрлық әскерлері институтының келісім-шартпен істейтін 44 жастағы қызметкері өзіне қол салғаны белгілі болды. Оқиға институттың инженерлік аумағында болған.

Институт таратқан мәліметке қарағанда әскери қызметкер асылып қалған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, себебі анықталып жатыр.

Ішкі істер министрлігі “Өзін өзі өлтіруге дейін жеткізу” бабы бойынша тергеу басталғанын хабарлады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар