Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінде оқытушылар мен студенттер президент жолдауына қатысты жиын өткізді.
Жиында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.
Студенттер ел болашағына бей-жай қарамайтындықтарын, алда өткелі отырған Республикалық Референдумды қолдайтындарын, заман көшіне сай жасанды интеллектің маңыздылығын түсінетінін жеткізді. Сонымен қатар жиында білім және ғылымға қатысты негізгі мәселелер де назардан тыс қалмады.
Жолдауда көтерілген әрбір тақырып ел болашағы үшін маңызды. Ендігі біздің міндет Жолдауда көтерілген мәселелер бойынша жұмыс жасау.
Мархаббат Ілияс
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің оқытушысы
Пікір қалдыру