Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, бидай 10,7 млн га алқапта жиналды. Өнімділігі 14,2 ц/га кезінде 15,2 млн тонна бастырылды. Арпа - 1,9 млн га, өнімділігі 16,7 ц/га кезінде 3,3 млн тонна бастырылды. Сұлы - 158,2 мың га, өнімділігі 15,8 ц/га кезінде 250 мың тонна бастырылды.
Биыл майлы дақылдар 494 мың га алқаптан жиналды. Орташа түсімділігі 11,5 ц/га 568 мың тонна бастырылды. 95 мың га алқаптан өнімділігі 233,8 ц/га болғанкезде 2,2 млн тоннаға жуық картоп жиналды. Көкөніс дақылдары 100,1 мың га жиналды, өнімділігі 248,2 ц/га болған кезде 2,4 млн тоннадан астам жиналды. Бақша дақылдары 97,8 мың га алқаптан жиналды. Өнімділігі 264,1 ц/га, жалпы түсімі 5 млн тоннадан асты.
Жинау науқанына 149,9 мың трактор, 37,6 мың астық жинау комбайны, 14,9 мың дестелегіш және 195 мың бірлік тартылған.
Естеріңізге сала кетейік, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жеңілдетілген қаржыландыру көлемі 580 млрд теңге болды. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда 3 есе көп.
Пікір қалдыру