Талдықорғандағы саябақтан жеке тұлғаларға заңсыз берілген жер мемлекетке қайтарылды

/image/2024/10/01/crop-0_20_662x1177_65f15086cf13a900342549.jpg

Атап айтқанда, 35,4 гектар аумақты алып жатқан орман қорының жерлері заңсыз түрде жеке меншікке берілген. Ал ол жерлер Талдықорған қаласының саябақ аймағында орналасқан.

«Жер кодексін бұзу фактісі анықталғандықтан, Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Талдықорған қаласы әкімдігінің жер учаскесін беру туралы қаулысын күшін жою туралы шешім шығарды. Аталған жер учаскелерімен байланысты сатып алу-сату, сыйға тарту және мұрагерлік құқығы туралы куәліктің барлығы жарамсыз деп танылды», — деп жазды АШМ баспасөз қызметінен.

Сот шешіміне қарсы жауап берушілер апелляциялық шағым берді. Жетісу облысының сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен апелляциялық шағым қанағаттандырылмай, бірінші инстанция сотының шешімі өзгеріссіз қалды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар