Соңғы екі жылда білім беру саласында жемқорлықтан 17 миллиард теңге шығын келді – Антикор

/image/2024/10/02/crop-22_30_167x223_081019403900.jpeg

Антикор басшысы орынбасарының айтуынша, білім беру саласын тексеру барысында “жағаұстатарлық жемқорлық деректері” анықталған. Сөзінше, соңғы екі жылда келген шығын 17 миллиард теңгеге жуықтаған. 

“Бұл мәселе құзырлы органдар, тиісті министрлік тарапынан қаралып жатыр. Біз тексере бастаған соңғы екі жыл – 2022 және 2023 жылдары келген шығын 17 миллиард теңгеге жуықтайды. Бұл – өте үлкен сома. Мәселен, бір ғана Талдықорған қаласында білім бөлімінің басшысы, бас бухгалтер мен бірнеше мектеп директоры 4 миллиард теңгеге жуық қаржы жымқырған. Ұстау кезінде көліктен 1 миллиард теңгегег жуық ақша табылды. Осындай деректер өзге де аймақтарда анықталды”, – деді ол. 

Ұлан Сарқұловтың мәлімдеуінше, білім беру саласындағы жемқорлық деректерін азайту үшін цифрландыру мәселесі қолға алынған.

“Біз де цифрландыру процесіне қатысып жатырмыз, цифрлық даму министрлігімен етене жұмыс істейміз. Қазір кей ақпараттық технологиялардың енгізілгенін көріп отырмыз. Оның үстіне жемқорлық деректері де азая түскен. 2024 жылы білім беру саласында жемқорлықтан келген шығын 7 миллион теңге шамасында”, – деп түйіндеді ол. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар